Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Ливерпуль (Англия) қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі команданың алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сондай-ақ маман құрама құрамындағы өзгерістерге де тоқталды.
- Үндістанда 15–22 қараша аралығында өтетін Әлем кубогының финалдық кезеңіне Қазақстан қандай құраммен барады?
- Ұлттық құраманың көшбасшылары бұл турнирге қатыспайды. Жарысқа екінші және үшінші нөмірлі боксшылар барады.
- Қазан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылады?
- Тек Ливерпульдің чемпиондарына демалыс беріледі: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұт Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг). Қалған боксшылардың барлығы ел біріншілігіне қатысуға міндетті.
Еске салайық, World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан атынан он боксшы өнер көрсетті:
50 кг - Санжар Тәшкенбай
55 кг - Махмұт Сабырхан
60 кг - Бейбарыс Жексен
65 кг - Ертуған Зейнулинов
70 кг - Төрехан Сабырхан
75 кг - Сабыржан Аққалықов
80 кг - Нұрбек Оралбай
85 кг - Бекзат Нұрдәулетов
90 кг - Сағындық Тоғамбай
90+ кг - Айбек Оралбай
Ливерпульде төрт боксшы алтын жеңіп алды: Санжар Тәшкенбай, ағайынды Сабырхандар және Айбек Оралбай.
Осылайша, қалған спортшылар 12–19 қазан аралығында Семей қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.
Жарнама