Бокс
1 қыркүйек 2021 11:37

Бас бапкер қазақ боксшылар Азия чемпионатында ненің арқасында дүркірегенін айтты

©ҚБФ

Бокстан Қазақстанның жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Сатжанов Араб әмірліктерінде өткен турнирді қорытындыладын деп хабатлайды Vesti.kz.

"Біздің командада отансүйгіштік бірінші орында. Финалдық жекпе-жектер 30 тамызда, Конституция күні өткенін білесіздер. Шәкірттеріме - сендер Қазақстанның жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы орындағы мемлекет екенін білесіңдер ме? Осындай ұлан-байтақ жерді бізге батыр ата-бабаларымыз аманат етіп тапсырып кеткен, осыны әрқашан есте сақтап жүріңдер. Спорт арқылы елімізді дүниежүзіне танытуымыз керек - дедім. Намыстарын қайрап отырдым. Елнұр Сүйінбай Азияның үздік боксшысы атанды. Құрамадағы әр боксшы мұндай атаққа лайық еді негізі. Барлығының өнеріне көңілім толды", - деп береді Қайрат Сатжановтың сөзін ҚБФ баспасөз қызметі.

Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин баптайтын ұлдар мен қыздар құрамалары Азия біріншілігінде жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Жігіттер 11 алтын, 2 күміс, 2 қола, қыздар 3 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленді. Барлығы 22 жүлде.

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Елнұр Сүйінбай чемпионаттың үздік боксшысы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport