"Бәрінің көздегені...". Сарапшы Головкиннің қазіргі жағдайын ашық айтты
World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) орта салмақта жұдырықтасқысы келетіндер қатары көбейгенін айтады.
World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) орта салмақта жұдырықтасқысы келетіндер қатары көбейгенін айтады.
Мұның алдында IBF ұйымы чемпионды Эскива Фалькоаға қарсы жекпе-жекте белбеуін қорғауға шақырды. Ал осы айқас жеңімпазы WBA "регуляр" тиулына ие кубалық Эрисланди Ларамен шығуы керек болатын.
"Орта салмақта қызықты ұсыныстар көбейді. Головкин қазір өзіне ұнағанын таңдай алады. Фалькао және Лараға қарсы титулын қорғау, Мунгиямен айқас немесе Чарломен титул біріктіретін жекпе-жек, Әлімханұлы да бар. GGG келісімшарт және міндеттермен байланған емес. Головкин өз талаптарын қоятын үлкен жұлдыз. Онымен бәрі жұдырықтасқысы келеді. Қазіргі таңда орта салмақта бәрінің көздегені Головкинмен жекпе-жек", - дейді Джей.
Жарнама