Бокс
13 қыркүйек 2022 08:03

"Бәрінің аузын жаппақ". Сарапшылар "Канело" - Головкин жекпе-жегі туралы

©USA TODAY Sports

DAZN сарапшылары Крис Мэнникс пен Майк Костелло қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінде кім фаворит екенін пайымдап көрді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Спикерлер екі боксшы үшін де шешуші факторларды атады. 

Крис Мэнникс: "Канелоның" мотивациясы мықты. Осы айқаспен ол барлық сыншының аузын жауып, барлық сұраққа жауап бергісі келеді. Оған анық жеңіс керек". 

Майк Костелло: "Белгісіздік факторы өте күшті. Бұған тек жекпе-жек басталғанда ғана жауап ала аламыз. Салмақ туралы айтып отырмын. Альварес мұның алдында жартылай ауыр дивизионда жұдырықтасқандықтан, салмақ тастау керек. Иә, мұндайды ол бұрын да жасады. Дегенмен бұл оған әсер етуі де ықтимал ғой.

Ал екінші жағынан, Головкин екінші орта салмақта алғаш жұдырықтасады. Ол бейімделе ала ма екен? Соған үміттенеміз, өйткені тамаша жекпе-жек көргіміз келеді.  

Мэнникс: "Иә, "Канело" бұлай жасады. Ол Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, одан кейін қатарынан төрт рет жеңіске жетті. Абсолют чемпион атанды. Ол суперорта салмақта өзін жайлы сезінеді. Ал Головкинге қатысты сұрақтар көп. 

Ол әуесқойдан бері орта салмақта, мұндай бокста жоқтың қасы. Қосымша 3,6 келі оған көмек болады деп ойлаймын. Сөйтіп барынша қызықты айқас тамашалаймыз деген үміттемін. Екеуінде де бір ғана мақсат - таза жеңіс". 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport