"Бәрін күйретуде". Әлімханұлына 15 нокауты бар жеңілмеген қарсылас табылды

©Fight.ru

Hit Hard News журналисті Дэн Фрост британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұылмен (15-0, 10 КО) титулды айқас өткізетініне сенімді, деп жазады Vesti.kz.

11 ақпанда Шираз отандасы Лиам Уильямсты (25-5-1, 20 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBC Silver және Бокс кеңесінің достастық белбеуін қорғап қалды. Осыдан кейін Фрост британиялық нокаутшы Жәнібекпен кездесу өткізетінін болжады. 

"Хамза Шираз бәрін күйретіп келеді. Енді оның IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасатын күні алыс емес", - деп жазыпты Фрост твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport