Барлық табыс көзінен айырылған AIBA банкрот алдында тұр

© aiba.org
Әуесқой бокстың халықаралық қауымдастығы (AIBA) банкрот болуға жақын, - деп хабарлайды ұйымның атқарушы директоры Том Вирджетс. Оның сөзін "Р-Спорт" порталы келтіріп отыр.

Мамыр айында Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті AIBA мүшелігін тоқтатуды, алайда, боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыруды ұсынған. Келесі апта Лозаннада өтетін ХОК сессиясында ұысыныс қабылданса, AIBA Олимпиаданы өткізуден түсетін коммерциялық кірістің 17,5 миллион доллар көлеміндегі үлесін ала алмайды.

"Меніңше, ХОК шешімі AIBA ұйымын банкротқа ұшыратуға бағытталған. Бізді барлық табыс көзінен айырды, - делінген Вирджетстің AIBA атқарушы комитетіне жолдаған хатында.

Вирджетс AIBA есебінде 400 мың доллар ғана қалғанын және үш адамнан бөлек Лозаннадағы барлық қызметкерін босатқанын айтады. Ол өзі де ұйымнан кетпек екен.
Метки:
Жаңалықтар