Барлық қарсыласын сұлатқан. Шешен боксшы 22 нокауты бар америкалықпен жекпе-жек өткізбек

©AKboxing

Жартылай ауыр салмақта WBC және IBF чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) және осы дивизионда WBO титулына ие америкалық Джо Смит (28-3, 22 КО) осы жазда Нью-Йоркте жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер "твиттер" желісінде жазды.

Дереккөз мәліметінше, екі тарап келіссөз өткізіп жатыр, түйтікіл тек Смиттің бұл айқас үшін 1,8 миллион талап етуінде, ал Star Boxing промоутерлері оған 1,5 миллион ұсынып отыр.

Бетербиев кейінгі рет 18 желтоқсан Монреальда амеркиалық Маркус Браунмен жұдырықтасып, тоғызыншы раундта жеңіске жетті. Кәсіпқой карьерасында 17 айқас өткізген ұлты шешен боксшы барлық қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Ал Смит қаңтар айында титулын алғаш рет қорғап, отандасы Стив Джеффрардты есінен тандырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар