Британиялық чемпионның қарсыласы титулға ресми үміткер болгариялық Кубрат Пулев. Кездесу Лондондағы "Тоттенхэм" футбол клубының аренасында өтеді.
Джошуаның промоутері Эдди Хирннің сөзінше, тараптар келісімге келген және промоутерлік сауданың қажеті болмайды.
Айта кетейік, Пулев IBF титулына ресми үміткер, дегенмен, бұл жекпе-жекте барлық белбеу сарапқа салынады. Бұл Джошуа үшін белбеулерді қайтарғаннан кейінгі алғашқы қорғау. Кейінгі рет ол мексикалық Энди Руиспен жұдырықтасқан еді.