1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 12:45
 

"Бәрі заңды". Жәнібектің менеджері допинг сынама ашылғаннан кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Бәрі заңды". Жәнібектің менеджері допинг сынама ашылғаннан кейін мәлімдеме жасады ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) менеджері допинг-тестінің B сынамасы ашылу рәсімі және команда үміттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) менеджері допинг-тестінің B сынамасы ашылу рәсімі және команда үміттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

9 қаңтарға қараған түні Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков допингтің екінші сынамасы ашылғанын хабарлаған еді.

Кейін бұл ақпаратты Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан да растады. Ол B сынамасы ашылғаннан кейінгі рәсімнің қалай өтетінін және алдағы қадамдарды түсіндірді.

"Екінші сынама бүгін Америкада ашылды. Бәрі жақсы өтті. Командамыздың мүшелері пломбаны ашу кезінде қатысып отырды. Бәрі заңды, дұрыс деді. Сынама зертханаға жіберілді. Енді жаңалықтар мен нәтижелерді күтеміз. Олар жақында шығады деп айтты, бірақ, нақты күнін бізге айтпады", — деді Сұлтан.

Менеджердің сөзінше, Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының таза екеніне сенімді.

"Барлық жанкүйерлер Жәнібектің тыйым салынған заттарды қолданбайтынына сенеді. Біз өзіміз таза спортты насихаттаймыз. Көптеген боксшылар Жәнібекке еліктейді. Жәнібек жеке тұлға ретінде, спортшы ретінде не ішуді, қандай витаминдерді қабылдауға болатынын және қайсысын қабылдауға болмайтынын біледі. Ол кәсіби спортшы, 7 жылдан бері кәсіпқой бокс саласында.

Ол карьерасын енді бастаған боксшы емес, кәсіби боксшы, әлем чемпионы. Біздің команда не ішуге болатынын, не ішуге болмайтынын, не зиянды екенін, не пайдалы екенін біледі. Біз бұрын да, бұдан кейін де ешқандай тыйым салынған заттарды қолданбаймыз", — деп қосты менеджер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!