Бокс
4 наурыз 2022 19:26

"Бәрі мүмкін". "Канело" UFC өкілімен айқасуы да ықтимал

©Getty Images

Екінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бәрі мүмкін. Ешқашан жоқ деуге болмайды. Бапкерім аралас жекпе-жек өнерінің шеберімен айқасатын мүмкіндіктің барын айтты. Жаттықтырушыма қаласаң шығайын деп жауап бердім", - дейді Альварес The MMA Hour подкастына берген сұхбатында.

Еске салайық, Альварес соңғы рет өткен жылы рингке шығып, америкалық Калеб Плантты 11-ші раундта құлатқан болатын. Ал Усман болса соңғы рет UFC 268 турнирінде америкалық Колби Ковингтонды жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport