"Бәрі басқаша болады". Сарапшы "Канелоның" жеңілетінін болжады

©si.com

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен WBA Super белбеуінің иегері Дмитрий Бивол арасындағы айқаста мексикалық боксшы фаворит болмайды. Бұл туралы Delcotimes.com журналисі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Бивол бой мен қолының ұзындығын пайдаланады. Оның техникасы мықты. "Канело" болса, Ковалевпен жақсы жұдырықтасты. Алайда ол кезде ресейлік былғары қолғап шебері физикалық тұрғыда дайын болмады. Менің ойымша бұл жолы Альварес жеңілетін секілді. Әрине жекпе-жек алдында мексикалықтың қағаз жүзінде фаворит екенін білеміз. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болады", - дейді МакКаферри.

Еске салайық, Альварес пен Бивол жекпе-жегі 7 мамыр күні Лас-Вегастың T-Mobile Aренaсында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport