- Бірде Эдди Хирн DAZN-ге айлық жазылу құнын 50 долларға дейін көтергісі келетінін айтқан. Бұл ерсілік деп санаймын.
- Оларда қиындық боп жатыр ғой. Естімедіңіз бе? DAZN қиындыққа тап болды. Олар дабыл қағып жатыр. Тым көп ақша жоғалтты. Бизнес жоспарлары әзірге жемісін беріп жатқан жоқ. Бар ақшасын "Канело" мен GGG-ге жұмсады да, оларды әлі рингте кездестіре алмады. Енді ол ақшаны қайтара алмайды. Бастапқыда жазылу 9,99, кейін 19,99 доллар болды, енді 50-ге дейін көтергісі келеді. Тағы да айтам - бұл құрдымға кетіп бара жатқандағы дабыл. Қаржылай қиындықтар. Бізге көбірек қаржы керек. Бір нәрсені дұрыс жасамадық. Бар ақшамызды жұмсап қойдық. Бірақ бұл туралы ешкімге айтпаңыз, - деп келтіреді Атластың сөзін vRINGe.com.