Бокс
12 желтоқсан 2019 15:13

"Бапкерім Джошуаға жеңуге көмектескен". Қазақстандық нокаутшы чемпионмен жаттығу және WBC титулы үшін жекпе-жек жайлы

© MTK Global
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (8-0, 6 КО) WBC "жастар" титулы үшін Алматыда өтетін жекпе-жегіне дайындықты аяқтап қалды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбаында ол супер ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы Энтони Джошуамен (23-1, 21 КО) танысуы туралы айтып берді.

- Дайындық жақсы өтті. Англияның жақсы боксшыларымен төрт спарринг өткіздім. Алты, сегі раундтан. Нұр-Сұлтандағы соңғы жекпе-жекте қолымды жарақаттадым. Қазір жазылды. Енді салмақты келтіру ғана қалды, - дейді Зауырбек. 

- Команда туралы айтып берші

- MTK Global компаниясымен 2018 жылдан бері жұмыс істей бастадым. Бірінші жекпе-жек Лондонда өтті. Компаия жақсы жағдай жасайды. Тайсон Фьюри, Майкл Конлан, Билли Джо Сондерс сияқты мықтылар да осы компанияда. МТК Kazakhstan компаниясының ашылуы қазақстандық жас боксшыларға жақсы мүмкіндік береді. Жаттығуларым Лондонда өтеді, Анхель Фернандес жетекшілігімен. Командамызда Энтони Джошуа, Айзек Чемберлейн және Сэнди Раян жұмыс істейді. Қазақстанда да барлық жағдай жасалған. Халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніндегі базада жаттығамыз. 

- Энтони Джошуамен көрістіңіз бе?

- Бапкерім Джошуаға соңғы жекпе-жегінде көмектескен. Екі бөлек қалада жаттықтық. Жүздеспедік, бірақ, видео қоңырау арқылы таныстық. Өте қарапайым жігіт. 2020 жылы бір лагерде жаттығатын боламыз. Бұл тағы күш береді. 

- Джошуа - Уайлдер жекпе-жегі қалай бітеді деп ойлайсың?

- Уайлдер мықтырақ, сондықтан жеңіп кеті мүмкін деп ойлаймын. Джошуа нокаутқа түскен. Бұл өте маңызды фактор. Уайлдер болса өзіне сенімді. Теңдей жекпе-жек болатын шығар.

- АҚШ-қа көшуді қашанға жоспарлап отырсыз?

- АҚШ - бокстың отаны ғой. Бокс, төрешілер мен боксшылардың мәнері - ағылшындардікінен бөлек. Бәрі өзге. Мақсатым тәжірибе жинап, мықтырақ болу. АҚШ-қа дайын болып барғым келеді. Ал арманым әлем чемпионы атану.

Зауырбек пен қытайлық Лишан Лидің (27-5, 5 КО) WBC "жастар" титулы үшін жекпе-жегі 16 желтоқсан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.