Pt6vWnKHa2h2Gpg1H72H3hHOmIg0D9A3zj3qWxdB
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бапкер қазақстандық боксшы Тищенконы нокаутқа түсіретініне сенімді

Бапкер қазақстандық боксшы Тищенконы нокаутқа түсіретініне сенімді
Али Балоев. © Фируза Шарипованың бокс қоры
Қазақстандық панчер Али Балоевтың бапкері боксшының дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Фируза Шарипованың бокс қоры баспасөз қызметі. 

Сағатбек Мұсаханаов Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен қазақстандық арасында жекпе-жек өтсе, ресейлік нокаутқа түсетіндігіне сенімділік білдірді. 

- Али жарыс аралығында жаттыға ма?

- Али демалмайды, жекпе-жектер арасында ол жаттығуын тастамайды. Жекпе-жек күні белгіленге дейін жүгіреді, футбол және баскетбол ойнайды - үнемі бір қалыпты сақтайды. 

- Али ресейлік Тищенконы нокаутқа түсіре ала ма?

- Иә, меніңше, ол солай ете алады. Али Евгенийдің карьерасын бақылап жүр, жекпе-жектерін көріп, әлсіз тұстарын іздеуде. Тищенкомен есеп айырысу - оның көптен бергі арманы. Левиттің Олимпиада финалындағы жеңілісі үшін. Қазіргі таңда Али пісіп-жетілген боксшы, жұдырығы ауыр, анық нокаутқа түсіретін соққысы бар. Ол ешқашан бос сөйлемейді. 

- Тищенконың кәсіпқойдағы статистикасы да жаман емес: үш жеңістің екеуі нокаутпен.

- Бола берсін. Мен боксшыма сенімдімін, оның дайындығы жақсы және Евгенийді жеңеді. Жекпе-жек болса, Али қазақстандық бокстың барлық кереметін көрсетеді. 

Еске салайық, Евгений Тищенко Риодағы Олимпиада финалында қазақстандық Василий Левитті жеңген. Жақында қазақстандық Али Балоев ресейлік боксшыны жекпе-жекке шақырды. Балоевтің менеджері бұл жекпе-жек үшін ақшаны өз қалтасынан шығаруға дайын екенін айтты. 

"Левит үшін есеп айырысам". Қазақстандық кәсіпқой Тищенконы жекпе-жекке шақырды
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар