Бокс
4 қыркүйек 2022 09:29

Бапкер "Канелоның" допинг қолданып жатқанын әшкере қылды

©

Америкалық маман бапкер Тэдди Атлас қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкспен сұхбаттасты.

Әңгіме барысында ол Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) тыйым салынған препараттарды пайдалана отырып, бабына келді деп пайымдауда. Мамандардың сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр.

Екі аптадан кейін Головкин мен "Канело" Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде үшінші жекпе-жегін өткізеді. 

"Канело" ақыры Головкиннің ұлылығын мойындады

Атлас алдымен сұрақ қойып, Альварестің мұның алдында допингпен ұсталғанда тыйым салынған ештеңе қолданбағанын, ал тыйым етілген зат қанға етпен түсуі мүмкін деп ақталғанын еске салды. Мексиканың мал шаруашылығында кленбутеролды көптеп қолданады. 

"Канелоның" ірі болып кеткені дайындыққа әсер ете ме? Мұны қалай істегенін білмеймін. Мүмкін Мексикада сиыр еті мен гамбургерлер шынымен сондай шығар. Білмеймін. Түсініксіз. Бірақ сұрақ басқада. Суперорта салмақтағы бірінші айқасқа қалай дайындалып жатырсыздар? Қандайда бір өзгеріс енгіздіңіздер ме?". 

"Жоқ. Бұрынғыдай жаттығып жатырмыз", - деп жауап берді Бэнкс. 

Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жектің сырын ашып тастады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport