Бокс
25 шілде 15:18
 

Бапкер Канелоны нокаутқа түсіретін боксшыны атады

  Пікірлер

blog.share

Бапкер Канелоны нокаутқа түсіретін боксшыны атады © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Теренс Кроуфордтың (40-0, 31 КО) бапкері Брайан "Бомак" Макинтайр жақын арда жұдырықтасса, америкалық боксшы Сауль Канело Альваресті (61-2-2, 39 КО) жеңіп кететініне сенімді. 

blog.share

Теренс Кроуфордтың (40-0, 31 КО) бапкері Брайан "Бомак" Макинтайр жақын арда жұдырықтасса, америкалық боксшы Сауль Канело Альваресті (61-2-2, 39 КО) жеңіп кететініне сенімді. 

"37 жасқа келіп қалған шағында Теренстің IQ көрсеткіші оған ілгерлей беруге көмектеседі. Өйткені оның физикалық қалпы 22 жастағы жігіттікіндей. Мен оның жасына емес, IQ деңгейіне қараймын. Ол ақылды жұдырықтасады, жекпе-жекте ақылды шешім қабылдайды. 

Канело оның қандай екенін біледі. Егер Мадримовтан кейін Теренс бірден онымен айқасқа шықса, Канелода қиындықтар туындайды. Өйткені Теренс өз ырғағына қайта түсіп алады. 

Ол жыртқыш сияқты, қанның иісін сезсе болғаны. Теренс кіммен жұдырықтаспаса да, ол әрдайым ауыр айқасады, алайда кейін бабына келіп, қарсыласын нокаутқа түсіреді", - деп береді Макинтайрдің сөзін vRINGe.com.

Еске салайық, 3 тамызда Кроуфорд бірінші орта салмақта WBA титулына ие өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 КО) жұдырықтасады да, жеңіске жеткен жағдайда төртінші салмақта чемпион болады. 

Канело 14 қыркүйек Лас-Вегаста америкалық Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жекке шығады деп жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!