Бокс
20 қыркүйек 2022 11:05

Бапкер "Канелоны" жеті раундта нокаутқа түсіретін боксшыны атады

©twitter.com/DAZNBoxing

Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 KO) жеңгенімен Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) бабынан тайып барады және енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайды. Мұндай пікірді бапкер Хосе Бенавидес айтып отыр. Маманның сөзінше, оның ұлы Давид Бенавидес (26-0, 23 КО) мексикалық боксшыны оңай жеңеді, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канело" бұлай жұдырықтасса, Давид оны жеті раундта тоқтатады. Бүгін Альварес жеңді, әңгіме жоқ. Шынын айтқанда, Головкин жақсы жұдырықтасты. Ол 6-7 раундта нокаутқа түседі деп ойлағанмын. Ал ол 12 раунд толық жұдырықтасып, Саульді комбинация, апперкот және хуктармен бір-екі рет сілкіп алды. Өзінің 40 жасы үшін GGG тамаша болды. 

Альварестің нақ бабында болған кезін көргенбіз. Құрметсіздік емес, бұл жігіт тәртіп үлгісі болатын және аянбай екбектенетін. Оның биігіне екінің бірі жете алмайды. Бірақ бір кезде бәрі де аяқталады. Бұл оның ақыры деп ойлаймын. Міне сондықтан ол Давид Бенавидеспен айқасқысы келмейді", - дейді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport