Бокс
Бүгін 13:57
 

Бапкер Канело сабауға асық екі қарсыласты атады

  Пікірлер

blog.share

Бапкер Канело сабауға асық екі қарсыласты атады ©x.com/Turki_alalshikh

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (64-3-2, 39 KO) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық боксшының алдағы жоспарлары мен жекпе-жек қалайтын қарсыластарды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (64-3-2, 39 KO) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық боксшының алдағы жоспарлары мен жекпе-жек қалайтын қарсыластарды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Канело үшін басты мақсат - америкалық Теренс Кроуфордпен қарымта өткізу. Егер бұл жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкін болмаса, Рейносо ресейлік Дмитрий Биволмен екінші рет кездескісі келеді.

"Тыңдаңыз, мен Кроуфордпен кешеуілдетпей қарымта өткізгіміз келеді. Ол боксқа қайта орала алады деп үміттенемін. Менің білуімше, ол бір жерде қайта оралуым мүмкін деп айтып қалған. Біз онымен қарымта өткізгіміз келеді. Ал егер бұл жекпе-жекті өткізе алмасақ, онда Биволмен де қайта кездескіміз келеді", - деді Рейносо Fight Hub TV YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Канело Биволмен 2022 жылдың мамырында, ал Кроуфордпен 2025 жылдың қыркүйегінде кездесіп, екі жекпе-жекте де төрешілер шешімімен жеңілген. Мексикалық боксшы соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 31 қазанында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, бұған дейін жеңіліп көрмеген франциялық Кристиан Мбиллиді төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, ол екінші орта салмақтағы WBC чемпионы атағын қайтарып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!