Бокс
18 қараша 2022 13:27

Бапкер "Канело" нокаутпен жеңілетінін айтты

©mmajunkie

Америкалық боксшы Давид Бенавидестің әкесі әрі бапкері Хосе Бенавидес екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр дивизионда WBA чемпионы Дмитрий Биволды жеңе алмайды деп есептейді, деп хабарлайды Fightnews.info.

Маманның сөзінше, Альварес бабынан тая бастады және Биволмен тағы айқасатын болса, нокаутпен жеңіледі. 

"Канело" Биволмен жартылай ауыр салмақта айқасуға келіссе, Дмитрий оны нокаутқа түсіреді деп айта аламын. Плантпен айқастан кейін біз бұрынғы Альваресті көре алмадық. 

Сауль бабынан тайып барады. Ол өзін тоздырып жатыр. Плантпен жекпе-жектен кейін бұл байқалып тұр", - дейді Хосе. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport