Бапкер Головкин мен "Канело" туралы бар шындықты айтты

©SI.com

Белгілі бапкер Ронни Шилдс мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы жеккөрініш туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Боксшылардың бәрі осылай істейді. Бұларда неге өзгеше болсын? Олар қарсылас туралы айтқанда "бидегі серіктес" түсінігін қолданады. Осыны түсініп алыңыздар. Екі жақты қолдайтын жанкүйерлер бар, бірі GGG ең мықты деп есептейді, ал екінші бөлігі "Канело" абсолют екенінен хабардар. 

Бір-бірін осылай сөзбен түйреп, боксшылар екінші категориядағы жанкүйерлерді жекпе-жектерін тамашалуға тартады. Яғни боксты анда-санда бір көретіндерді. Боксшылардың міндетті боксты сирек тамашалайтындарға ақылы трансляцияны барынша көп сатып алдыру. Ешқандай өшпенділік жоқ. Шынына келгенде - олар бизнес серіктер. Олардың ортақ мақсаты - көбірек ақша табу", - деп береді Шилдстің сөзін vRINGe.com

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport