Америкалық белгілі бапкер Абель Санчес жартылай орта салмақта Эррол Спенс (28-0, 22 КО) пен Теренс Кроуфордтың (38-0, 29 КО) абсолют чемпион атағы үшін айқасына қатысты пікір білдірді.
Бұл айқас 19 қараша Лас-Вегаста өтеді.
"Кроуфордты қалай жеңу керегін Спенс біледі деп ойлаймын. Бұл жігіттің өнерін әуесқойдан бері тамашалап келемін. Ал кәсіпқойда оның чемпион атануына мүмкіндігі жоғары деп ойлайтынмын.
Ал енді Эрролдың жетістікке жеткенін көріп қуанудамын. Спенстің жол апатына түсіп қалғаны өкінішті. Ол Кроуфордты жеңе алады, Теренс - жеткілікті түрде белсенді емес.
Спенс жеңу керек. Ол жекпе-жекті бақылауда ұстайды, ал джебтерін ұтымды пайдалана алады. Спенс жеңіске оңай жетеріне сенімдімін", - деп береді Санчестің сөзін Fightnews.info.