Александр Усиктің бұрынғы бапкері Джеймс Али Башир британиялық Энтони Джошуамен қарымта айқас алдында украиналыққа салмақ жинамау керек еді деген ойда, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Джошуамен қарымта алдында Усикке салмақ жинау керек пе еді? Керегі жоқ деп есептеймін. Ол өзінің табиғи салмағында қалғаны жөн еді. Ол жекпе-жекке 98-99 келіде шығу керек. Ал жиналған салмақ Джошуаны нокаутқа түсіруге көмектеседі деп ойламаймын. Оған көбірек қозғалған жөн, ол мұны жақсы істейді. Басымдығы да сонда", - дейді маман Two Sides YouTube арнасына берген сұхбатында.