Бапкер Бивол - Рамирес айқасына күтпеген болжам жасады

©twitter.com/EddieHearn

Танымал америкалық бапкер Роберт Гарсия мексикалық боксшы Хильберто Рамирес алдағы айқаста жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволды жеңетінін айтты, деп жазады Fightnews.info порталы.

"Мен бұл кездесуді асыға күтіп жүрмін. Рамирес жеңеді. Хильберто ірі боксшы. Ол Биволдан кіші емес. Бивол ауырлау шығар. Бірақ Рамирес бұл салмақ үшін ірі, бойшаң және соққысы ауыр. Мүмкін оның жұдырықтасу мәнері тартымды емес шығар, оның жанкүйерлері де көп емес. Алайда, ол шаршы алаңда не істеу керектігін жақсы біледі. Сондықтан мен Рамирес жеңеді деп есептеймін. 

Биволдың Джоэль Диастың залында жаттығатынын білеміз. Диастың өзі жеке көмектесуде. Мен оған сәттілік тілеймін. Олардың мықты жаттығу өткізгенін хабарым бар. Дегенмен де мен Рамирес жеңіске жетеді деп ойлаймын", - деді Гарсия. 

Еске салайық, Дмитрий Бивол мен Хильберто Рамирес арасындағы кездесу 5 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар