Бапкер әйгілі Костя Цзюдің ұлы туралы ойын ашық айтты

©Sport24

34 жастағы Террелл Гушенің бапкері Пренис Брюэр америкалық боксшының келесі қарсыласы Тимофей Цзю туралы ойын айтты.

"Шынымды айтайын, жақсы боксшы деп есептеймін. Көп боксшылардан мықты, дегенмен, әкесінің деңгейінде емес. Ол соққы жасап алға жүре береді. Бір жақты ғана. Қысым жасап, шабуылдайтын боксшылар көп жұмыс істейді, ал оның ондайы да жоқ. Қайталап айтайын, ол мықты боксшы, алайда, Торреллдің арсеналы үлкен. Сонымен қоса, оның тәжірибесі де молдау", - деп береді маманның сөзін BoxingScene.

Айта кетейік, Цзю мен Гуше 25 наурыз АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінің басты айқасында жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар