Қазақстандық атақты боксшы Василий Жировтың аты АҚШ-тың Жекпе-жек өнерінің даңқ залына жазылды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
49 жастағы Жиров әуесқойда 217 жекпе-жек өткізіп, тек онында ғана жеңілген.
1996 жылы Атлантадағы Олимпиаданың алтынын иеленген. Сол жарыста Вэл Баркер кубогын алды. Сонымен бірге, 1995 жылы Азия чемпионы болған.
1997 жылы кәсіпқойға ауысады да, IBF (1999-2003) чемпионы атанады, WBС ұйымының екінші дәрежелі титулын иеленеді (1998), WBС тұжырымы бойынша Амеркиа чемпионы (1999), WBO тұжырымынша Солтүстік Америка бокс ұйымының чемпионы болады (2003).
Кәсіпқойда 38 айқаста жеңеді (32 нокаут), үш рет жеңіліп, бір рет тең түседі.