Спорттағы жетістіктерімен ғана емес жарқын келбетімен де танымал қазақстандық бұрымды боксшы Балауса Мұздыман әлеуметтік желіде жаңа суретін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Балауса Instagram желсінде жариялаған суретіне былай деп жазыпты: "Біздің залда ең мықты боксшының (Дмитрий Бивол) қолы қойылған футболка бар".
Еске салайық, 22 ақпанда Дмитрий Бивол қарымта айқаста Артур Бетербиевті ұпай санымен жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанды. Олардың алғашқы жекпе-жегі былтыр 12 қазанда өтіп, Бетербиевтің жеңісімен аяқталған болатын. Кейін Бивол абсолют атағынан бас тартып, Артурмен үшінші жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады.
Ал Балаусаға келсек, ол кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген: оның еншісінде жеті жеңіс бар, соның бесеуін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін қазақстандық боксшы 5 сәуір күні Астанада өткізіп, филиппиндік Мария Тереза Пинилиді төрешілер шешімімен жеңген болтын.