Бокс
4 қазан 2019 10:16

"Бала кезден теңескім келетін". Өзбекстандық "Құбыжық" Головкинмен бір рингте жұдырықтасатыны жайлы

© vRINGe.com
Өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов (3-0, 3 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

"Құбыжық" лақап атты Мадримов бұл кештің андеркартында мексикалық Алехандро Баррерамен (29-5, 18 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде өзбекстандық боксшыға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental белбеуі сарапқа салынады. 

"Әрдайым 100 пайыз күшіңізді салыңыз, ешқашан берілмеңіз және армандауды тоқтатпаңыз! Иншалла, 5 қазан бокстың ең басты Madison Square Garden аренасында, кәсіпқойдағы үш қана жекпе-жекпен ең сүйікті боксшым, бала кезден көріп өсіп, теңесуге тырысқан Геннадий Головкиннің кешінде басты кездесулердің бірінде жұдырықтасамын. Егер арманыңмен өмір сүрсең, ол орындалады, командам, промоутер мен менеджеріме маған деген сенімі мен еңбегі үшін алғыс білдіремін. Әрине, GGG мен үшін абырой!", - деп жазыпты 24 жастағы боксшы Instagram желісінде.