Бокс
26 ақпан 2021 10:46

"Бақылау аясынан шыға қоймас". Промоутер "Канеломен" айқас үшін Головкин орындайтын шартты атады

Сурет: Pinterest.com

Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты болжамын айтты. 

2019 жылдан бері Головкинге промоутер болып жүрген Хирн алдағы екі жекпе-жекке Альвареспен де жұмыс істейтінін айта кетейік. 

"Канело" суперорта салмақта абсолют чемпион болғысы келетінін анық білдірді деп ойлаймын. Дегенмен, Головкинмен үшінші жекпе-жек өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл - бокстағы ең мықты айқастардың бірі. 

Алайда, "Канело" 72,6 келіге оралады дегенге сенбеймін. Бұл дегеніміз Головкинге 76,2 салмаққа көтерілу қажеттілігін тудырады, ал ол бұған дайын. Бұл кездесу бақылау аясынан шығып кете қоймас. Геннадий осындай үлкен жекпе-жектерді тезірек өткізгісі келетін жағдайда", - деп береді Хирннің сөзін vRINGe.com порталы DAZN-ға берген сұхбатына сілтеме жасап.