Әуесқойда екі дүркін Олимпиада чемпионы және кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген өзбекстандық Баходир Жалолов (15-0, 14 KO) алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
6 қазанда ол Санкт-Петербург қаласында өтетін IBA Pro 10 турнирінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы – ресейлік Виталий Кудухов (7-3, 3 KO).
"IBA Pro 10 турнирінде рингке қайта оралатыныма өте қуаныштымын. Құдай қаласа, жанкүйерлерге жақсы жекпе-жек сыйлап, ең мықты қасиеттерімді паш етемін.
Менің басты мақсатым – суперауыр салмақта әлем чемпионы атану. Өз тәжірибемнің арқасында мықты қарсыластармен жекпе-жекке лайықпын деп есептеймін.
Санкт-Петербургте менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүрген өзбек жанкүйерлер де көп. Сол себепті бар күшімді салып, сіздерге әдемі өнер көрсетемін", – деді Жалолов.