Бокс
6 ақпан 15:05
 

Баходир Джалоловты жекпе-жекке бір күн қалғанда бокстан шеттеді

  Пікірлер

blog.share

Баходир Джалоловты жекпе-жекке бір күн қалғанда бокстан шеттеді ©Olympic.uz

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Джалоловтың кәсіпқой бокстағы кездесуі өтпейтін болды, деп хабарлайды Massaget.kz

blog.share

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Джалоловтың кәсіпқой бокстағы кездесуі өтпейтін болды, деп хабарлайды Massaget.kz

Баходир ертең таңда Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде француз боксшысы Давид Спильмонмен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасуы керек болған. Алайда күтпеген жағдайда жекпе-жекке шыға алмайтын болды. 

Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов мәлім еткендей, өзбек боксшысы жекпе-жектен шеттетілген. 

Медициналық тексеру кезінде Баходирдің ернінде ұшық бары анықталған. Енді Джалолов жуық арада өзге бокс кешінде бақ сынайды деп күтілуде. Ал Давид Спильмонмен Ташкентте жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, Баходир Джалолов кәсіби бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ол соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен кездесіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Одан кейін әуесқой боксқа көбірек ден қойып, Париждегі Олимпиада ойындарында алтын алды.

Олимпиада ойындарынан кейін өзбек боксшысы біржола кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл оның асыға күткен жекпе-жегі болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!