Бокс
27 наурыз 14:45
 
167

Баходир Джалолов үшінші Олимпиадаға қатысты нақты шешімге келді

  Пікірлер

blog.share

Баходир Джалолов үшінші Олимпиадаға қатысты нақты шешімге келді ©УзА

Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиадада тағы биікке көтеріле ме?

30 жастағы спортшы екі дүркін Олимпиада чемпионы. Бірінші алтынды 2020 жылы Токиода, ал екіншісін 2024 жылы Парижде алды. 

Бұған дейін Баходир Олимпиаданың үш дүркін чемпионы атанып, атын тарихта қалдырғысы келетінін мәлімдеген

Әуесқой бокс тарихында Олимпиада алтынын үш рет алған 3 қана боксшы бар. Олар венгриялық Ласло Папп (1948, 1952, 1956), кубалықтар Теофило Стивенсон (1972, 1976, 1980) және Феликс Савон (1992, 1996, 2000).

Алайда Джалолов үшінші Олимпиадаға қатысты ойын өзгертіпті. 

"Мен Олимпиаданың үшінші алтынын ала алмаймын, өйткені бар назарымды кәсіпқой боксқа ұрғым келеді. Кәсіпқойда көбірек жекпе-жек өткізгім келеді. Әуесқой карьерам өте көп уақытымды алатын, сондықтан мен кәсіпқойға толық өтуді шегеріп жүрдім. 

Менің аяғым жылдам, қолым да керемет жылдам. Мен қазіргі буынға айтарлықтай кедергі боламын. Менің түпкі мұратым - абсолют чемпион атану", - деп береді Джалоловтың сөзін talkSPORT.

Келесі айқасы

Баходир кәсіпқой рингке 2023 жылдың қарашасынан бері шыққан жоқ. Ол кезде өзбек боксшы оңтүстік африкалық Крис Томпсонды (14-6-1, 7 КО) бірінші раундта құлатқан болатын. Енді Баходир 5 сәуір Астанадағы бокс кешінде айқасады. Оның келесі қарсыласы украиналық Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 КО) болатынын айтылды. 

Қазіргі таңда Джалолов Бүкіләледің бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде 10-орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!