Бокс
2 желтоқсан 11:01

Баходир Джалолов Тайсонды жеңген блогермен айқасқа қатысты жауабын айтты

©Нұрғали Жұмағазы

Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (17-0, 15 KO) танымал блогер-боксшы Джейк Полмен (12-1, 7 KO) жекпе-жекке шығу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маған бәрібір. Джейк Полмен кез келген уақытта, кез келген жерде – ол қаласа, тіпті ертең де жұдырықтаса аламын. Ол - блогер, ал біз - спортшымыз. Мен блогерлермен болатын жекпе-жектерге немесе сондай пиарға қатты қызықпаймын. Бірақ егер Джейк Пол шынымен: "Мен жекпе-жекке шығамын" десе, онда ертең-ақ дайынмын", - деді Джалолов.

Еске салайық, Джалолов кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның он есін нокаутпен.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport