Баходир Джалолов тағы бірнеше өзбек боксшымен Америкаға барды
Әуесқой бокста Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов (14-0, 14 KO) АҚШ-қа барды. Толықтай кәсіпқой боксқа кеткен өзбекстандық 6 ақпанда Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешіне қатысады.

Джалоловтың қарсыласы франциялық Давид Спильмон (16-8-1, 11 КО) болады. Олар Мовладдин Биярсланов (17-0, 14 КО) пен Мохамед Мимун (24-6, 5 КО) жекпе-жегінің кардында жұдырықтасады.
Әуесқойда жарқ еткен Баходир кәсіпқойда да әлі жеңілмеді
Баходир кәсіпқой карьерасында 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Кәсіпқой рингтегі кейінгі айқасын 2023 жылы 17 қараша Ташкентте өткізіп, Оңтүстік Африка боксшысы Крис Томпсонды бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.
"Екі метр құбыжық". Джалоловқа Қазақстаннан қарсылас табылды
Олимпиаданың екі алтынынан бөлек өзбекстандық әуесқойда екі рет әлем біріншлігінде, үш рет Азия чемпионатында және Азиядада бір рет жеңімпаз атанған.
Ал Спильмон кәсіпқойда 25 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіпті, сегіз рет жеңілген және бір мәрте тең түскен екен. Жеңісінің он бірі нокаутпен.
Жарнама