Бокс
6 мамыр 11:55
 
Баходир Джалолов пен Артур Бетербиев Дубайда кезікті

  Пікірлер

blog.share

Баходир Джалолов пен Артур Бетербиев Дубайда кезікті ©Нұрғали Жұмағазы

Жеңілмеген Өзбекстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов (15-0, 14 KO) әлеуметтік желіде бұрынғы абсолют чемпион ресейлік Артур Бетербиевпен (21-1, 20 KO) түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі танымал спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында кездескен.

"Дубайдағы үйлену тойы, жақын адамдар мен бауырлардың арасында", – деп жазды Жалолов суреттің астына.

Еске салайық, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов кәсіпқойдағы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізген. Ол кеште Баходир украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңді.

Ал Артур Бетербиев кейінгі кездесуін 2025 жылдың ақпан айында өткізді. Бұл жекпе-жекте ол отандасы Дмитрий Биволдан (24-1, 12 KO) қазылар шешімімен есе жіберіп, карьерасында алғаш рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!