Екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов жерлесі Муроджон Ахмадалиевке қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Джалолов (15-0, 14 KO) жапондық Наоя Иноуэмен өткен жекпе-жекте жеңілген Ахмадалиевке (14-2, 11 KO) Instagram парақшасында жылы лебізін білдірді.
"Ин ша Аллах, сен бұрынғыдан да мықты болып ораласың, досым!" — деп жазды Жалолов Ахмадалиевпен түскен суретінің астына.
Еске салайық, 14 қыркүйек күні Нагое қаласында (Жапония) өткен жекпе-жекте Ахмадалиев екінші жеңіл салмақта абсолют чемпион атағы үшін айқаста жеңіліс тапты. Оның қарсыласы кәсіпқой бокста әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген "Құбыжық" лақап атты жапониялық Наоя Иноуэ (31-0, 27 KO) болды.
Жарнама