Баходир Джалолов өте батыл мәлімдеме жасады

©twitter.com/BakhodirJalolov

Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (13-0, 13 КО) 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алмақ ниетте. Одан кейін ол кәсіпқойда мықты деген боксшылардың бірімен айқаспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің алдағы мақсатым - Олимпиаданың екінші алтынын иелену, одан кейін кәсіпқойға ораламын. Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа - маған бәрібір, мен дайынмын", - деп береді Джалоловтың сөзін vRINGe.com.

Айта кетейік, Баходир 17 қараша Ташкентте өтетін кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегінде аты шықпаған оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен (12-5-1, 7 КО) жұдырықтасады. 

Еске салайық, Джалолов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының алтынын жеңіп алған. Сонымен қоса, әлем чемпионы (2019, 2023), Азия ойындарының (2022) және Азия чемпионатының жеңімпазы (2017, 2019, 2021).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар