Әуесқоймен қош айтысқан ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқой рингке оралуға дайындалып жатыр.
Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов Х әлеуметтік желісінде Баходирдің жаттығуынан видео жариялапты. Онда боксшының қара күшті арттыруға бағытталған жаттығуларға көп көңіл бөліп жатқаны байқалады.
Ал бұл видеоға жазылған комментарилерде біраз адам боксшының кәсіпқой рингке дайындығына күмәнін келтірді. Кейбірі Джалолов кәсіпқой боксшының деңгейіне жетіңкіремей тұр деген ойда екен.
Боксшынының келесі жекпе-жегі белгіленіп қойған:Баходир Джалоловтың келесі жекпе-жегі 6 ақпан Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Қарсылас франциялық Давид Спилмонт (16-8-1, 11 КО). Бұл Баходирдің Париж Олимпиадасынан кейінгі кәсіпқойдағы алғашқы айқасы болады.