Бокс
Бүгін 13:57
 

Баходир Джалолов бұрынғыдай нокаут жасай алмайтыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Баходир Джалолов бұрынғыдай нокаут жасай алмайтыны айтылды ©Olympic.uz

Бокс пен ММА туралы жазатын vRINGe порталы екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың (17-0, 15 KO) британиялық Соломон Дэкреспен (10-1, 3 KO) жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокс пен ММА туралы жазатын vRINGe порталы екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың (17-0, 15 KO) британиялық Соломон Дэкреспен (10-1, 3 KO) жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Баходир Жалоловқа жекпе-жек алдында ескерту айтылды

Материал авторлары Джалоловтың соңғы жекпе-жектердегі өнеріне назар аударып, өзбек боксшысының агрессиясы азайып, шабуылға шығу үшін ұзақ ойлана бастағанын атап өтті. Порталдың пікірінше, мұндай мәнер Дэкреспен кездесуде қиындық туғызуы мүмкін. Британиялық боксшыға қарсы жекпе-жекте оған еркін кеңістік пен шешім қабылдауға уақыт бермеу маңызды.

"Соңғы жекпе-жектерінде Джалолов рингке біреу күштеп шығаратындай көрінеді. Көңіл күйі жоқ. Жігері де, екпіні мен агрессиясы да байқалмайды. Қарсыласқа қауіп төндіретін сәттері аз, пассив бокс көрсетеді. Көп қимылдайды, бірақ оның пайдасы шамалы. Төзімділігі де күмән тудырады. Тіпті джебі де дұрыс шықпай қалды.

Алдағы жекпе-жектің қиындығы - Дэкрестің соңынан жүгіруге тура келеді. Оған қарсы бүкіл күш пен қысым қажет. Қарсыласқа еркін кеңістік пен шешім қабылдауға уақыт беруге болмайды. Егер ұзақ ойлансаң (Владислав Сиренко осылай істеді), Соломон аяқпен қозғалып, соққыдан қашып үлгереді. Баходир үшін негізгі қауіп те осында - соңғы жекпе-жектерінің бәрінде ол тым ұзақ ойланды.

Бұрынғы Джалолов британиялықты таптап өтіп, бірнеше раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетер еді. Алайда қазіргі Баходир қалыпта жағдайда-ақ өзіне қиындық тудырып алуы мүмкін. Болжам: Жалолов ұпай санымен жеңеді, бірақ жекпе-жек көрермен үшін қызықсыз өтеді", - деп жазады дереккөз.

Джалолов пен Дэкрестің соңғы жекпе-жектері

Джалолов соңғы жекпе-жегін 9 мамырда Манчестерде өткізіп, хорватиялық боксшы Агрон Смакичиді (21-4, 19 KO) мерзімінен бұрын жеңді.

Ал Дэкрес шілде айында украиналық Владислав Сиренконы (23-1, 20 KO) күтпеген жерден жеңіп, оның кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне себеп болды.

Жекпе-жек қашан өтеді?

Джалолов пен Дэкрестің жекпе-жегі 17 қазанға Лондонда жоспарланған. Кездесу Дэниел Дюбуа мен Фабио Уордли арасындағы қарымтаның кардында өтеді. Кешті Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!