Екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов (15-0, 14 KO) АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпей қалғанына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол 26 шілде күні италиялық Джанмарко Кардилломен (12-1-2, 2 KO) жұдырықтасуы тиіс еді.
Джалолов екі күн қалғанда жекпе-жегін өткізе алмайтын болды
"Бәрі мен ойлағандай болмады. Бірақ, бәлкім, солай болуы керек те шығар. Тағдыр бізді түсініксіз жолдармен жетелейді… Дегенмен, біз алға жылжи береміз", – деп жазды Жалолов Instagram парақшасында.
Еске салайық, Жалолов соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.