Баходир Джалолов Әлімханұлының промоутерімен келісімшартқа отырды

©Өзбекстан бокс федерациясы

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, өзбекстандық Баходир Джалолов атақты Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда Джалолов кәсіпқойда 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Мұның алдында ол Лу ДиБелланың DiBella Entertainment компаниясымен жұмыс істеген.

Еске салайық, Top Rank президенті Боб Арум қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар