Бокс
31 қазан 10:37

Азия ойындарында бокстан медальдық есепте кім жеңіске жетті — Қазақстан ба, әлде Өзбекстан ба?

©Арлан Олжабай

Бахрейннің Манама қаласында өткен 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында бокстан медальдық есеп белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстан құрамасы жарысты жоғары деңгейде аяқтап, жалпы он медаль иеленді — бес алтын, үш күміс және екі қола. Дәл осындай нәтижеге Өзбекстан құрамасы да қол жеткізіп, қос ел медаль кестесінің көшін бөлісті.

Үшінші орынға жеті жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 1 қола) Үндістан құрамасы тұрақтады.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Алтын медаль иегерлері:

50 кг (ұлдар) — Жұмағали Нұрмахан
54 кг (ұлдар) — Досжан Жұмахан
66 кг (ұлдар) — Даниял Шалқарбай
66 кг (қыздар) — Аяулым Оспанова
75 кг (қыздар) — Камила Оспанова

Күміс жүлдегерлер:

46 кг (ұлдар) — Арман Мырсабит
+80 кг (ұлдар) — Рүстембек Мұхамедәлі
+80 кг (қыздар) — Эльнула Қонырат

Қола жүлдегерлер:

54 кг (қыздар) — Рамина Махатова
75 кг (ұлдар) — Санжар Матасов

Осылайша, қазақстандық жас боксшылар Азия ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, ел намысын лайықты қорғады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport