Бокс
Бүгін 14:01

Азия жүлдегері қазақ бкосшыны жарыстан шығарып тастады

©Depositphotos/galkin57

Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық былғары қолғап шебері 2026 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Дайчи Иваямен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жекте Нұрзат Оңғаров лайықты қарсылық көрсеткенімен, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды - 2:3.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азия чемпионатындағы жарыс жолын ширек финалда аяқтады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport