Бокс
19 қазан 17:28
 

Азия чемпионы жекпе-жекті бір минутта техникалық нокаутпен аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Азия чемпионы жекпе-жекті бір минутта техникалық нокаутпен аяқтады ©ҚБФ

Бүгін Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдың ең қысқа әрі әсерлі жекпе-жектерінің бірі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдың ең қысқа әрі әсерлі жекпе-жектерінің бірі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Санжарали Бегалиев пен Нурканат Райыс арасындағы кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бегалиев алғашқы секундтардан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласын белсенді қыспаққа алды. Бірінші раундтың алғашқы минутында ол Райысты бірнеше дәл соққыларымен есеңгіретіп тастады. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Санжарали Бегалиевтің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Осылайша, Санжарали Бегалиев жарыстың жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін Семей қаласында өтуде. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!