Азия чемпионатының жүлдесі үшін қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алатыны белгілі

Сурет: ҚБФ

Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) Дубайда өтетін 2021 жылғы Азия чемпионатының жүлде қорын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпиондар он мың доллардан алады, күміс жүлде иеленгендерге бес мың доллардан тиеді, ал қолаға 2,5 мыңнан береді, бұл ерлер мен әйелдерге де берілетін сыйақы. Жалпы сомма 400 мың доллар екен. 

Азия чемпионаты 21 мамыр мен 1 маусым аралығы өтеді.

Ерлер құрамасының тізімімен мына жерден, ал әйелдер командасының тізімімен мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.