Қазақстандық Жанел Имантаева Бангкоктегі 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы бірінші айқасында жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келі салмақ дәрежесінде Имантаеваның қарсыласы өзбекстандық Муслима Тургунова болды.
Бірінші раундта төрешілер Тургуноваға басымдық берді – 4:1. Екінші райндта Имантаева да, Тургунова да бір-бірден нокдаунға түсті. Бұл үш минуттықта жеңіс бөлек шешіммен Имантаеваға берілді – 3:2.
Жекпе-жек соңында төрешілер бөлек шешіммен басымдықты қазақстандық боксшыға берді.
Екі боксшы да 19 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетуде.
Айта кетейік, бұған дейін Диана Серікбаева (48 кг) кореялық Ын Джи Кимді техникалық нокаутпен жеңген болатын, ал Айым Таңқыбаева (51 кг) Вьетнамның Ти Хо Чаннан басым түсті.
Жарнама