Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа толмаған боксшылар арасындағы Азия чемпионатында бүгін Қазақстан бұрымдылары өнер көрсететді, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақта Әнел Құдайберген өзбекстандық Фарзона Фозиловамен қолғап түйістіреді.
50 келіде Мөлдір Тойкова филиппиндік Мариэль Таландратпен айқасады.
Ал 52 келіде Жансая Рахымберді Вьетнам боксшысы Тхи Хой Нгуенмен жекпе-жекке шығады.
Қазақстан құрамасынан ринг төріне бүгін соңғы шығатын боксшымыз 57 келіде өнер көрсететін Виктория Графеева, қарсылас таиландтық Натничей Чонгпронгкланг.
Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.