Азия чемпионатындағы жүлделік есепте Қазақстан үш бірдей команданы алға шығарып алды

Сурет: Данияр Майлыбаев©

Қазақстан құрамасы Араб Әмірліктерінде өткен Азия чемпионатында бірде-бір алтын жеңіп ала алмады. Осылайша, командалық есепте алдымызға Өбекстан ғана емес, тағы екі бәсекелес құрама шығып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан командасы Дубайдағы турнирге бірінші нөмірлі боксшыларды апарған, бірақ, финалға шыққан бесеуі де жеңілді. Ал Моңғолия құрамасында 100 пайыздық көрсеткіш - финалға шыққан үш боксшысы да алтын алды. 

2021 жылғы Азия чемпионатының жүлделік есебі

1. Өзбекстан - 6-1-3.

2. Моңғолия - 3-0-2

3. Үндістан - 1-2-2.

4. Қазақстан - 0-5-1

5. Иран - 0-2-2.

6. Қырғызстан - 0-0-4.

7. Филиппин - 0-0-3.

8. Тәжікстан - 0-0-2.

9. Кувейт - 0-0-1.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар