Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы ринг иесі Энх-Амгалан Номундари болды.
Алғашқы раундта аздаған басымдық Әйгерімнің жағында болды. Алайда екінші раундта моңғолиялық боксшы қарымта қайтарып, үш минуттық кезеңді өз пайдасына аяқтады. Шешуші үшінші раундта да төрешілер жазбаларында Энх-Амгалан басым түсіп отыр.
Осылайша, моңғолиялық спортшы финалға шығып, кемінде күміс жүлдеге жетіп отыр.
Ал Сәттібаева турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Жарнама