Қазақстан боксшысы Милана Иншина Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
46 келіге дейінгі салмақтың (U-17) финалына жолдама үшін Иншина ринг қожайыны Рухшонабона Ахадавамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, өзбекстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Ахадава турнирдің финалына өтті, ал Иншина Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жарнама