Бокс
21 қаңтар 2023 18:07

Азия чемпионатында қазақ пен қырғыздың айқасы бір ранудтқа жетпеді

©Видеодан кадр

Қазақстандық Ерасыл Жәкпеков бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. 22 жасқа дейінгілер арасындағы турнир Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатыр. 

80 келі салмақтағы Ерасыл жарыстың жартылай финалына жолдаманы қырғызстандық Бекбол Мурасбековпен сарапқа салды. 

Бұл жекпе-жек бір раундқа да жетпеді. Жәкпеков айқасты белсенді бастаған болатын, шабуылдың бірінде боксшылар маңдаймен соқтығысып қалды. 

Мурасбековтің көз тұсындағы бет терісі қатты жырылып кетті. Ол құламаса да төреші нокдаун тіркеді. Кейін боксшының қаны тоқтамағандықтан жекпе-жекті аяқтауға тура келді. Ал төрешілер бөлек шешіммен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport